Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

М. Әшімбаев: Қазақстанда БАҚ туралы заңды қайта қарау қажет

М. Әшімбаев: Қазақстанда БАҚ туралы заңды қайта қарау қажет

Қазақстандағы БАҚ туралы заңды қайта қарайтын кез келді. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан - 2050 сайты.

«Аталмыш бәсекелестік жағдайында барлығын мұқият қарау қажет. Мен БАҚ туралы заңды қайта қарау керек деп ойлаймын. Егер де біз ақпаратқа қолжетімділік заңына толықтырулар енгізсек, БАҚ туралы заңды да қайта қарау уақыты келген сияқты», - деді «Ақпаратқа қолжетімділік  туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобаларын қарау  кезінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің қорғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев.

М.Әшімбаев заңды әзірлеу үшін журналистердің өзін қатыстыру керек екенін атап өтті. «Мүмкін осы жылы емес шығар. Бірақ, келер жылы бұл жұмысты жүзеге асырған жөн. Біз «НұрОтан» партиясының фракциясымен заңды қайта жаңарту керектігін айттық. Журналистермен ақылдаса отырып, өзгертулер енгізе аламыз», - деді ол. Сондай-ақ, депутат Қазақстандық азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін 70 пайызға дейін арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын  мәлім етті. «Бүгінгі таңда Қазақстанда ақпараттық қызметтің 40 пайызы қолжетімді емес.Сонымен қатар, ақпараттың 40 пайызы ашық, 20 пайызы құпия ақпараттар болып табылады. Бүгін қаралып отырған заң жобасы қабылданса, біз азаматтар үшін ақпараттардың басым бөлігі, шамамен 70 пайызы ашық қолжетімді болады деп болжаймыз», - деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Мәулен Әшімбаев.
Аталған заң жобасына бірқатар Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған болатын. Бұл ретте құжат әркімнің заңмен тыйым салынбаған ақпаратты кез келген тәсілмен  еркін алуын және тарату жөніндегі конституциялық құқығын іске асыруын қарастырады. Оның айтуынша, құжат бойынша ақпаратқа қол жеткізу тәсілдерін кеңейту мәселелері қолға алынған. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы орган басшыларының, әкімдер мен ұлттық университет ректорларының есептік кездесулерін өткізу міндеттеледі. Айта кетейік, ҚР Парламент Сенатының Қоғаныс және қауіпсіздік, халықаралық істер жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында «Ақпаратқа қолжетімділік», «Ақпаратқа қолжетімділік  туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы жобалары қаралды.

Похожие материалы