Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәскеу биржасы таза пайданы 73%-ға арттырды

Мәскеу биржасы таза пайданы 73%-ға арттырды

2015 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Мәскеу биржасы халықаралық қаржылық есеп стандарттары (ХҚЕС) бойынша таза пайданы 73%-ға арттырды. Бұл туралы сауда алаңы есебінің деректерінен мәлім болды.

Мәскеу биржасының бір акциясына шаққандағы пайда 71%-ға, 1,58 рубльден 2,7 рубльге дейін жоғарылады. Операциялық табыстар 50,7%-ға, 10,18 млрд рубльге дейін артты. Табыстың өсіміне жалпы пайыздық мөлшерлемелер жоғарылауының аяcында пайыздық табыстың артуы, ақша және валюта нарығындағы комиссиялық табыстың өсуі себеп болып отыр. Бұған қоса компания ауқымды табысты облигацияларды шығаруға, есептік-депозиттік қызмет пен құнды қағаздардың листингіне қатысты қызметтерден тапқан. Екінші тоқсанның қорытындысы  бойынша биржа 652 млрд рубль сомасына 104 мемлекеттік, корпоратитік, биржалық, шетелдік және субфедералдық облигациялардың шығарылуын ұйымдастырған. Бұл ретте компанияның акцияларды сатудан түскен комиссиялық табысы көрсетілген мерзім ішінде 10%-ға, 407,9 млн рубльге дейін төмендеді. Сауда көлемі де 10,2%-ға, 2,3 трлн рубльге дейін қысқарған.  

Похожие материалы