Астана. 30 мамыр. 7kun - Мәскеуге дауыл әкелген ауа ағындары Қазақстан аумағын да шарпып өтуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин хабарлады.
«Циклонның біздің жерімізге келу-келмеуі туралы сауалға келетін болсақ, Мәскеуге дейінгі ара қашықтық соншалықты аз емес. Синоптиктер Мәскеуге кенеттен келген аталған фронттың қозғалысын бақылап отыр. Біз Ақмола облысында жел күшейіп, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында температура бағамы төмендейді деген ескерту алдық. Бірақ Мәскеуді әуреге салған фронт біздің Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарының бір бөлігін жанап өтуі ықтимал. Ол бізге жеткенше күшін жоғалтып, соншалықты үлкен салдарларға алып келмейді деп үміттенеміз. Біз өз тарапымыздан құтқару жасақтарының дайындықтарын пысықтап қойдық», - деді ол Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Мәскеуде орын алған дауылдан 168 адам зардап шегіп, 14 адам қаза тапты.
Дереккөз: inform.kz