Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

М. Цукерберг Панаманы тегін интернетпен қамтамасыз етуге уәде берді

М. Цукерберг Панаманы тегін интернетпен қамтамасыз етуге уәде берді

 Facebook әлеуметтік желісінің негізін салушы Марк Цукербург Панама тұрғындарын тегін интернетпен қамтамасыз етуге уәде берді деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз алдағы уақытта Панамада президент әкімшілігімен (Хуан Карлос Вареламен) бірлесе отырып Internet.org жобасын бастағалы отырғанымызға қуаныштымыз", - деді Марк Цукерберг Панамада өтіп жатқан Америка Саммитінің ашылуы барысында.

Марк Цукербергтің айтуынша, аталған жоба панамалықтарға ғаламторды тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Соның ішінде, денсаулық, қауіпсіздік, көлік және білім беру туралы сұрақтарына қатысты ақпараттарды ақысыз ала алады. Бұл жобаны жүзеге асыруға 2-3 жыл кеткен. Аталған тәсіл осы күндері Африка елдері, Гваматела мен Колумбияда қолданылып келеді.

Естеріңізге сала кетсек, Марк Цукерберг ғаламторды чат арқылы жаулаймын деген болатын. Алдағы уақыттарда Messenger-ге кірістірілген қосымшалар жасауға мүмкіндік ашылады. Осылайша, әлемдегі алпауыт әлеуметтік желі Apple мен Google сынды басты қарсылыстарын артта қалдырып кетпекші.

Похожие материалы