Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәулен Әшімбаев: Ешқандай ысырапшылдыққа жол берілмеуге тиіс

Мәулен Әшімбаев: Ешқандай ысырапшылдыққа жол берілмеуге тиіс

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында өткен жиында «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев Елбасының бюджет

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Ешқандай ысырапшылдыққа жол берілмеуге тиіс. Үкімет бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған шығындарды қысқарту мәселесін қарастырғаны жөн. Мерейтойларды және оған кететін бюджет қаражатын қысқарту керек» деген болатын. Осыған орай, «Мирас» қоғамдық кеңесі де сонда берілген тапсырмалардың ойдағыдай орындалуын қадағалаудың маңыздылығын көтеріп отыр. Яғни, ағымдағы жылдағы айтулы шараларды өткізген кезде қаржыны сән-салтанатқа ғана ысырап етпей, өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәнде ұйымдастырылуына күш салуға тиіспіз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Бұл ретте, қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков шаралардың сәніне баса назар аудармауға шақырды.

«Елбасы аста-төк той өткізуге қатысты өз пікірін білдіріп, ысырапшылықты доғару керектігін айтты. Өз басым, мұны дұрыс деп есептеймін және іс-шараларды өткізу барысында сапаға мән беру керек», - деп түйіндеді ғалым.

Сондай-ақ, ол алдағы Ұлы Отан соғысы шарасынан мысал келтіре отырып, ардагерлер үшін қымбат мейрамханалар мен концерттерге барғаннан көрі үкіметтен бөлінген қаржыны олардың тұрмыстық және тұрғын үй мәселелерін шешуге жұмсағанның әлдеқайда артық екендігін жеткізді.

«Ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді. Меніңше, іс-шаралардың көлемін қайта қарастырып, қаражатты тиісті арнаға жұмсаған жөн», - деп ойын сабақтады М.Жолдасбеков.

Жалпы алғанда, «Нұр Отан» партиясының жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері құзырлы мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен партияның Орталық аппаратында өткен жиында ағымдағы жылғы айтулы шараларды өткізудің тәрбиелік және идеологиялық құрауышын күшейту мәселесін көтерілді.

Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесі 2010 жылы құрылған. Бүгінде Кеңес танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы бойынша ұсынымдар әзірлейтін беделді алаңға айналды.

Похожие материалы