Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Мәжілісі 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

ҚР Мәжілісі 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

Астана. 18 қазан. 7kun.kz - Парламент мәжілісі 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Республикалық бюджеттің жоспарлы кезеңге арналған негізгі параметрлері 2018 жылы — 8578,3 млрд теңге (ЖІӨ-ге 15,3%), 2019 жылы — 9190,2 млрд теңге (15,1%), 2020 жылы — 9566,2 млрд теңге (14,6%) түсімдерінен тұрады. 2018 жылы шығындар 9217,9 млрд теңге (ЖІӨ-ге 16,5%), 2019 жылы — 9798,2 млрд теңге (16,1%), 2020 жылы — 10 219,7 млрд теңге (15,6%) көлемінде жоспарланған.

Республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемінде ең үлкен үлес әлеуметтік салаға тиесілі. Ол 2018 жылы 44,6%-дан 2020 жылы 47,4%-ға дейін артады. Ақшалай мәнінде бұл 13 401 млрд теңгені құрайды, сондай-ақ, 2018 жылы — 4108,6 млрд теңге.

Аталған шығыстар блогының негізгі көлемі әлеуметтік қамсыздандыру мен ел азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуге тән. Жоспарлы кезеңде бұл бағытқа 8707,5 млрд теңге қарастырылған. Олардың ішінде ағымдағы жылы 473 млрд теңгеге немесе 22,1%-ға өсіммен 2018 жылы 2612,9 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар аталған шығыстардың негізгі үлесін әлеуметтік төлемдер құрайды. Үш жылдық кезеңде оларды қаржыландыруға 8508,7 млрд теңге, оның ішінде 2018 жылы — 2547,9 млрд теңге бөлінеді.

2018–2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау жүйесінің шығыстары 3342,5 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 2018 жылы — 1070,3 млрд теңге. Олардың өсімі негізінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға сапалы көшу мақсатында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін арттыруға байланысты.

2018–2020 жылдарға арналған бюджет жобасында білім және ғылым жүйесін дамытуға 1123,1 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 2018 жылға – 340,6 млрд теңге.

Мәдениет пен спортты дамытуға арналған 2018–2020 жылдардың шығыстары 219,7 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 2018 жылы — 82 млрд теңге.      

Похожие материалы