Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәжіліс бюджетке енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс бюджетке енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Қазақстан парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні өткен толық отырыста "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

Заң шығару рәсіміне сәйкес, құжат одан әрі қарастыру үшін сенатқа жіберіледі.

Бұрындары хабарланғандай, Қазақстан үкіметі 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулер жобасын әзірледі, оған сәйкес осы жылы бюджет тапшылығы алдында бекітілген жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 2,3%-нан 3%-ға дейін арттырылады.

2015 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы 1,2 трлн теңгені немесе 259,4 млрде теңгеге немесе ЖІӨ 0,6%-ға  артумен ЖІӨ 3%-ін қамтиды.

Базалық сценарий мұнай бағасының 2015-2017 жылдары $80-дан $50 дейін, ал 2018-2019 жылдары $60 дейін төмендеуін топшылайды.

Қаржы және бюджет жөніндегі мәжіліс комитетінің қорытындысында ЖІӨ өсімі 2015 жылы 1,5% деңгейінде, 2016 жылы - 2,3% және 2017 жылы - 3,4% деңгейінде бағаланды.

2015 жылға арналған ЖІӨ-нің номиналды көлемі 41,308 трлн теңге мөлшерінде болады деп болжам жасалды, бұл алдындағы болжаммен салыстырғанда 2,414 трлн теңгеге төмен.

Бюджет табысының нақтыланған болжамы (трансферттерсіз) 3,220 трлн теңгені қамтиды, бұл алдындағы болжанған шамадан 936,6 млрд теңгеге аз, шығындар болжамы - 7,244 трлн теңге (610,7 млрд теңгеге кеміді).

Похожие материалы