Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәжіліс спикері министрлерге сын айтты

Мәжіліс спикері министрлерге сын айтты

Парламент мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыпов министрлер кабинетін республикалық бюджетке жауапсыз қарағаны үшін сынады.

"Сіздің жауабыңызға көңілім толмайды, - деді ол Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа. - Сағынтаев (Бақытжан Сағынтаев - 7kun.kz), байқаймын, кіреді, шығады, мүмкін бұл сұрақты бүгінгі күн тәртібінен алып, сіздерді басқа жұмыстарыңызбен айналысу үшін жіберу керек шығар?! Қараймын, Досаев (Ерболат Досаев - 7kun.kz) та жоқ болып кетті, екіншісі жоқ! Басқа күнге Мәсімовтың (Кәрім Мәсімов - 7kun.kz) бастауымен дайындалып келіңіздер. Қандай қарым-қатынас бұл?!", - деді ол бүгін республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі Үкімет пен Есеп комитетінің есебін талқылау кезінде. "Жыл сайын бір мәселе, тәртіп орнататын кез болды ғой? Бұлай келуге болмайды (бюджет мәселесіне - 7kun.kz). Қарасаң, бюджет емес, түсініксіз бірдеме! Мұндай сомадағы қаражат, Орталық Азия мемлекеттерінің жарты бюджетін құрайды. Ал, мұнда емін-еркін 382 миллиардты ары-бері кетті дейді, сонымен бәрі аяқталады", - деді спикер.

Похожие материалы