Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәжіліс Жапониямен инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімнің бекітілуін мақұлдады

Мәжіліс Жапониямен инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімнің бекітілуін мақұлдады

Сәрсенбі күнгі толық отырыста мәжіліс "Қазақстан Республикасы және Жапония үкіметтерінің арасында инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады. Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, елдер бұл келісімді жасасуға 18 жыл жұмыс жасаған.

"Келісім инвестицияларды көтермелеу және қорғау үшін қолайлы жағдайды жасауға, институционалдық климатты жақсартуға және елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзара тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған", - деп мәлімдеді Ә.Исекешев мәжілістің толық отырысында сөйлеген сөзінде. Ол соңғы 10 жылда Жапониямен арадағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 4,5 млрд долларды қамтығанын атап өтті. "2015 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанда Жапонияның қатысуы бар 81 заңды тұлға, филиал мен өкілдік тіркелген", - деп түйіндеді ол.  

Похожие материалы