Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәжілісмен доллар бағамына қатысты пікір білдірді

Мәжілісмен доллар бағамына қатысты пікір білдірді

Астана. 31 шілде. 7kun.kz - ҚР Парламенті мәжілісі қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов сарапшылардың доллар жыл соңына дейін 450 теңгеге дейін өседі деген болжамына қатысты пікір білдірді.

"Қазіргі уақытта БАҚ-тарда Tele Trade Central Asia сарапшыларының "жыл соңына ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 420-450 теңге болады" деген мәлімдемесі кеңінен жарияланып жатыр. Tele Trade компаниясының сарапшылары "ЭКСПО аяқталады", "банктерге қаржылық шығындарды өтеу керек" cияқты негіздерге сүйеніп осындай мәлімдеме жасап отыр. Қазіргі уақытта теңге еркін айналымда. Оған екі негізгі фактор әсер етіп отыр: 1) мұнай бағасы; 2) рубльдің долларға қатысты бағамы", - деп атап өтті депутат.

Сондай-ақ, мәжілісмен 2017 жылдың 28 шілдесінде АҚШ-тың Ресейге қатысты енгізген санкциясынан кейін де (1 доллар 60 рубльге тең) ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 330 теңге болатынын айтты.

"Осылайша, теңгенің долларға қатысты бағамы жыл соңына дейін 330-340 теңге шамасында болады деп болжауға болады", - деді мәжілісмен Аманжан Жамалов.

Дереккөз: tengrinews.kz

Похожие материалы