Экономика
Мақсат Қабашев ҚТЖ-ның вице-президенті болып тағайындалды
Осы аптада Мақсат Қабашев "Қазақстан терім жолы" ҰК-ның вице-президенті болып тағайындалды. Ол бұған дейін KASE-нің басқарма төрағасы қызметін атқарып келген еді.
Мақсат Рақымжанұлы Қабашев 1967 жылы 1 қаңтарда туған. Мәскеу ормантехникалық институтын (1991) инженер-технолог мамандығы бойынша; Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық-техникалық университетінің кадрларды қайта даярлау факультетін (2001) инженер-механик мамандығы бойынша; Массачусетс технологиялық институтын (2004) іскерлік әкімшілік магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Ал, М.Қабашевтің орнына KASE басқармасының жаңа төрағасы болып үш жыл өкілеттілік мерзімге Есжан Амантайұлы Біртанов сайланған.
Е.А. Біртанов 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жетекші дилер, бас дилер, басқарма бастығының орынбасары, Монетарлық операциялар департаментінде дилингілік операциялар басқармасының бастығы, Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылы Е.А.Біртановтың тікелей қатысуымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ құрылып, оған 2014 жылдың наурыз айына дейін басшылық етті. 2012 жылдан бастап, Е.А.Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасының кеңесшісі, сондай-ақ Ұлттық банктің Жоспарлау және бюджет департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
Дерек көзі: ҚазАқпарат