Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - "Мемлекеттік қарыз комитеті" ресурсы арқылы Мақсат Үсеновтің қарыздарын тексеру барысында оның қазіргі қарызы 167 173 теңге 29 тиын екені белгілі болды, деп жазды newstimes.kz.
Үсеновтің мойнында осынша қарызы бола тұрып, елден қалай шығып кеткенінің өзі қызық.
ҚР "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" заңының 33 бабы бойынша: "Борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті".
Ал Үсеновтің қарызы 20 АЕК-тен төрт есе көп. Мұндай жағдайда Қазақстанның кез келген азаматына елден шығуға тыйым салынады. Мақсат Үсенов қалай ұшаққа отырып кеткені бізге белгісіз.
Есіңізде болса, маусымның төртінде даулы істерде аты шыққан Мақсат Үсеновті ұшақта жанжал шығарғаны үшін Бангкок полицейлері ұстап әкеткен еді