Алматы. 13 маусым. 7kun.kz - Мақсат Үсенов 175 мың теңгеге жуық салық қарызын өтеді. Бұл туралы Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"2017 жылдың 8 маусымында Мақсат Үсенов 174 240 теңге сомасындағы қарызын өтеді. Қарыз 2016 жылы көлік құралының салығын төлемеуінен туындаған. Оның ішінде салық - 138 362 теңге, өсімпұл - 35 878 теңге", - деп хабарлады МКД өкілдері.
Бұған дейін, ҚР Әділет министрлігі өкілдері Мақсат Үсеновтің қарызы бола тұра елден кетуге тыйым салынған азаматтардың тізімінде неліктен жоқ болғанын түсіндірген еді.