Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстау облысында Rixos қонақ үйі мен әуежай салынбақ

Маңғыстау облысында Rixos қонақ үйі мен әуежай салынбақ

Ақтау. 26 маусым. 7kun.kz - Маңғыстау облысында әуежай мен екі қонақ үй салу жоспары тұр деп хабарлайды Mangystau online ақпарат орталығы.

Нысандар "Кендірлі" базасында салынуы мүмкін. Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжаунованың айтуынша, қазіргі уақытта инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

"Қазіргі кезде инвестициялар және даму министрлігі "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорымен бірге қызығушылығы бар бірқатар инвесторлар мен девелоперлармен және Маңғыстау облысының әкімдігімен келіссөздер жүргізуде. Үш ірі инвестор туралы айтып отырмыз: RixosGroup компаниясымен 1500 орынды екі қонақ үйді салу жөнінде; CITIC Group инвестициялық компаниямен "Кендірлі" әуежайын қоса алғанда, сыртқы инфрақұрылымның құрылысы бойынша; Мысырдың Orascom компаниясы "Кендірлі" әуежайын қоса алғанда, барлық шипажайды дамытуға және басқаруға қызығушылығын білдіруде", - деп мәлімдеді Г.Байжаунова.

Г.Байжаунованың айтуынша, аталған компаниялардың әрқайсысы жобаларды мемлекеттік қолдау бойынша бірқатар шарттарын алға тартуда.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының билігі 2014 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы туризмнің 29,8 мың адамға дейін артқандығын хабарлады. Туроператорлардың деректеріне сүйенсек, өткен жылы шетелдік туристердің саны 2,5 есе, 453 адамға дейін артқан.

Ақпарат көзі: lsm.kz

Похожие материалы