Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстау облысындағы газ тапшылығы маусымда жойылады

Маңғыстау облысындағы газ тапшылығы маусымда жойылады

Ақтау. 25 мамыр. 7kun.kz - Маңғыстау облысында газ толтыратын стансалардың болмауы аймақтағы сұйылтылған газдың тапшылығын туғызды. Отын жетіспеушілігі маусымға таман шешілуі қажет. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетова хабарлады.

"ҚазГПЗ" ЖШС Маңғыстау облысының ішкі нарығына ай сайын 14 мың тонна газ жеткізіп отырады. 2017 жылдың 21 сәуірінен 23 мамырына дейін "ҚазГПЗ" жыл сайынғы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Соған байланысты газ жіберу 12 тоннаға дейін азайды. Газдың қалған бөлігі келісім бойынша Ақтөбе облысынан жеткізілуі керек болды.

Облыстық кәсіпорын мен сауда басқармасының жетекшісі Венера Мұстапаеваның айтуынша, 2 тонна сұйылтылған газды жеткізу 10 мамырдан басталуы керек болған.

"Алайда Маңғыстау облысында тіркеуден өткен газ толтыратын стансалар жоқ. Сондықтан сұйылтылған газ тасымалында проблемалар туындады. Энергетика министрлігі Қостанай облысында станса анықтады. Өз кезегінде ол да Маңғыстау облысында газ тапшылығын туғызды", - деп атап өтті Венера Мұстапаева.

Энергетика министрлігі хабарлағандай, 22 мамырда "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-нан Маңғыстау облысына 18 вагон (630 тонна) жүк тиелді. Қазіргі уақытта вагондар "Бейнеу" стансасында тұр. "Қазақстан темір жолының" алдын-ала мәліметі бойынша, вагондар Ақтауға 25 мамырда жеткізіледі.

Ал сұйылтылған газдың келесі партиясы (18 вагон) Ақтөбеден 26 мамырда жөнелтіледі. Жалпы барлық 2 мың тонна газ 2017 жылдың 5 маусымына дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Похожие материалы