Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстау облысындағы қоғамдық тәртіпті реттеу үшін 6 млрд теңге жұмсалады

Маңғыстау облысындағы қоғамдық тәртіпті реттеу үшін 6 млрд теңге жұмсалады

Ақтау. 4 қаңтар. 7kun.kz - Маңғыстау облысындағы "қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік" үшін 6 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Елмұқанбетова хабарлады деп жазады Lada.kz.

2016 жылы құқық қорғау органдарының ғимаратын қайта жөндеуден өткізу үшін 426 млн теңге жұмсалады. Миллиардтан астам теңге видеобақылау жүйесін орнатуға, арнайы транспорт сатып алуға және жеке, техникалық қаруландыруға бөлінбек.

Ал аймақтағы мәдениет, спорт және туризмді дамыту 6,5 млрд теңгені қажет етіп отыр. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, 2016 жылы өңірде теннистен балалар және жасөспірімдердің спорт мектебі ашылады.

"Көгалдандыру, санитарлық жұмыстарға және елдімекендерді жарықтандыруға 5,7 млрд теңге бөлінбек. Ақтау қаласына санитарлық жұмыс жүргізуге 859 млн теңге қажет. Қарақия, Мұнайлы және Ақтау қаласына  арнайы техника алу үшін 149 млн теңге жұмсалады. Ақтау қаласындағы көпқабатты үйлерге 35 лифт алуға 295 млн теңге кетеді",- деп атап өтті Шолпан Елмұқанбетова.

Ал қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстарына 4,3 млрд теңге бөлу қарастырылған.

Фото:mangystau.gov.kz

Похожие материалы