Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстау облысының мұнай өндіруші компаниялары жұмыс орындарын қысқартпауды уәде етті

Маңғыстау облысының мұнай өндіруші компаниялары жұмыс орындарын қысқартпауды уәде етті

Маңғыстау облысының мұнай өндіруші кәсіпорындары мұнай бағасының құлдырау жағдайларында жұмысын орындары мен еңбекақы көлемін қысқартпауға уәде береді. Мұны Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Адарбаев аймақтың ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарының жетекшілерімен, кәсіподақтардың төрағаларымен және Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасымен бірге сәйкес меморандумға қол қойды.

"Ынтымақтастық туралы құжатқа басқа компаниялармен де қол қоюды қажет деп санаймыз. Бұл жұмыстарды одан әрі жалғастырудың қажеттілігіне сенімдімін. Күрделі жағдайларда біздің кәсіпорындардағы ахуалдың нашарлауына жол бермеу мақсатында біздің барлық әрекеттерді үйлестіру – бүгінгі күндегі біздің ортақ міндетіміз ", - деп айтты Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының басшысы Жаңбырбай Доспаев.

ҰКП мәліметтеріне сүйенсек, меморандум "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "Ойл Констракшн Компани" ЖШС, "Қаражанбасмұнай" АҚ, "OilServicesCompany" ЖШС, "Өзенмұнайгаз" АҚ, "БозащыОперейтинг Лтд.", "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС жасалды.

 

Похожие материалы