Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстауда атыс жасаған күдіктілер ұсталды

Маңғыстауда атыс жасаған күдіктілер ұсталды

Маңғыстау. 19 шілде. 7kun.kz - Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Құрық ауылында атыс жасаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы өңірлік ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы, подполковник Алтынбек Қалиев мәлімдеді.

Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары "қару қолданған бұзақылық" және "адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша жүргізіліп жатыр.

Қалиевтің айтуынша істің мән-жайы анықталған. Қару қолданған жанжалға ұрыс себеп болған.  "19-20 жастағы жігіттер өзара ұрысып қалған. Содан кейін олар үлкен ағаларын (22-23 жастағы) шақырған. Кейін 10-15 шақты адам ауыл сыртына шыққан. Ол жақта ерегескен жастар арасында төбелес шыққан. Сол кезде осы оқиғаға қатысқан бір адам қолына мылтық алып, екі рет оқ атқан. Соның салдарынан алты адам әр түрлі жарақат алған", - деді криминалдық полиция басқармасының басшысы.

Еске салсақ, 18 шілде күні Маңғыстау облысы Қарақиян ауданы Құрық ауылында атыс болып алты адам жарақаттанғаны туралы хабарлағанбыз.

Похожие материалы