Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстауда қылмыскерлерге 327 млн теңге айыппұл салынған

Маңғыстауда қылмыскерлерге 327 млн теңге айыппұл салынған

Алматы. 20 шілде. 7kun.kz – Маңғыстаулық тәртіп сақшылары өткен 6 айда 82 мыңға жуық қылмыстың бетін ашты. Салынған айыппұлдан ел қазынасына 327 млн теңге түскен, деп хабарлайды 24.kz.

Әкімшілік хаттамалардың дені жол ережесін бұзған тұлғаларға толтырылған. Полицейлер қылмыс санының 10 пайызға дейін азаюын әртүрлі бағыттағы шұғыл-алдын алу шараларының нәтижелі өтуімен түсіндіреді. Былтыр 1 мың 400-ден астам дерек анықталса, биыл 1071 оқиға тіркелген.

"Сандық үлгідегі бақылау, жылдамдық өлшеу құрылғылары көптеп қолданысқа енгелі тәртіп бұзудың алдын алу шаралары күшейді. Қазір облыс аумағында 130-дан астам бейнекамера бар. Қала бойынша жиырмаға жуық цифрлық құрал арқылы полицейлер көше тыныштығын күзетеді. Олардың көпшілік жиі жүретін орындар мен жағажайларда орнатылуы қандай да бір қылмысты болдырмауға оң ықпал етіп отыр", - дейді  облыстық ІІД ЖПҚ басшысы Ұлықбек Мылтықов.

Похожие материалы