Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың бірінші тоқсанында музейлер, архивтер және басқа да мәдени мекемелердің қызметі 11 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 28,4%-ға көп, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Қазіргі таңда мәдени саланы әрі қарай дамыту жоспарланып отыр. Осы ретте қалада сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілдері елордада үш жүз көрерменге арналған үлкен планетарий салынатынын айтты.
Сондай-ақ, астанада Қосшы кенті мен әуежайдан келе жатқан туристерді бірінші болып қарсы алатын Ғарыш музейін ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Ғарыш музейі мен ғарыш кемелерінің пішіні бар жобаның бірінші кезегі тұрғызылған.
Осы сектордағы қызметтер арасында кітапханалар мен оқу залдарының үлесі көп - 40,5%: бір тоқсанда 4,5 млрд теңге, өткен жылдан 12,7% көп. Музейлер қызметінің үлесі 22,4% құрап отыр. Көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 36,6% - 2,5 млрд теңгеге өскен.
Сонымен қатар, елордада Жедел медициналық көмек музейі ашылған. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің дерегі бойынша, музейде жедел жәрдем қызметінің 90 жылдық тарихын қамтитын суреттер, құжаттар мен заттай деректер қойылған.
Қазақстанда музейлер саны соңғы жылдары 204-тен (2009 жылы) 245-ке дейін (осы жылдың басы) өскен.
Ең көп музей Алматы (28), Түркістан (27) және Ақтөбе облыстарында (20) шоғырланған.