Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәдениет министрлігі Токио Олимпиадасы кезінде тиімсіз жұмсалған қаржыны ел бюджетіне қайтарды

Мәдениет министрлігі Токио Олимпиадасы кезінде тиімсіз жұмсалған қаржыны ел бюджетіне қайтарды

Нұр-Сұлтан. 27 шілде. 7kun.kz – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада кезінде тиімсіз жұмсалған соманы ел бюджетіне қайтарды. Бұл туралы Есеп комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы желтоқсанда Есеп комитеті 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарын өткізуге дайындыққа бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне аудит жүргізді. Тексеру көрсеткендей, министрлік 1,3 млн теңгені құрайтын заң бұзушылықтарға жол берген. Есеп комитеті ақшаны республикалық бюджетке қайтаруды, сондай-ақ мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдармен жасасқан шарттардын қайта қарауды тапсырған болатын.

«Бүгінде республикалық бюджетке 1 329,9 мың теңге сомасындағы қаражат өтелді, сондай-ақ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2022 жылға арналған шарттарды жасасу кезінде техникалық өзіндік ерекшеліктерді сәйкестікке келтірді», – делінген хабарламада.

Похожие материалы