ҚР ұлттық экономика министрлігінің жергілікті монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті "Техномир инжинирингтік компания" ЖШС-ның "Magnum Cash&Carry" ЖШС-ның жарғылық капиталының 50 пайызын сатып алуына келісімін берді. Бұл туралы жергілікті монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің сайтында жарияланған хабарламадан белгілі болды.
Қазақстандық қор биржасының мәліметі бойынша енді компания капиталы төмендегідей бөлінген:
- Александр Гарбер – 41%;
- Кеңес Рақышев SDB Groupr арқылы – 30%;
- Элина Пугач – 20%;
- Роман Тихомиров – 5%;
- Андрей Юст – 4%.
Нақты кімнің өз үлесін сататындығын әлі белгісіз.
"Техномир инжинирингтік компания" ЖШС 2014 жылы Алматыда пайда болды. Алғашқы тіркеу кезіндегі басшысы - Ерік Ахметжанұлы Сұлтанқұлов. 2016 жылдың 12 шілдесінде компания атауы "Ecofish Products" ЖШС деп өзгертілді. Кәсіпорын балық шаруашылығымен айналысады.
Magnum облигациялары KASE-ге шығарылады. Биржада жарияланған ақпарат бойынша, Magnum Cash&Carry облигацияларын түскен қаржы банк алдындағы қарызды қайта құрылымдауға, жер аумақтарын сатып алып, жаңа обьектілер салуға, қаржы айналымын ұлғайтуға жұмсалады.