Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Magnum алкогольды сусын өндірумен айналысады

Magnum алкогольды сусын өндірумен айналысады

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz - «Magnum Cash&Carry» ЖШС этил спирті мен алкоголді өнімдерді өндіруге лицензия алды. Бұл туралы Қазақстанның қор биржасының сайтында  жарияланған.

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) арнайы тізімінде тұратын «Magnum Cash&Carry» ЖШС KASE-ге  этил спирті және алкоголді өнім өндіру мен айналымға шығаруға берілген лицензиясының көшірмесін көрсетті. Лицензияны Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың 1 қарашасында 16016730 нөмірімен берген» - делінген хабарламада. «Magnum Cash & Carry» - Қазақстанның ең үлкен бөлшектік сауда желісінің бірі. Компания 2007 жылы 14 қыркүйекте құрылған. Оның ең басты қызметі - кең қолданыстағы тауарларды тұтынушыларға ұсыну.  Magnum дүкендерінің саны 7 жылда айтарлықтай өсті.  Бүгінде Қазақстанның 4 қаласында: Алматы, Астана, Қарағанды және Шымкентте 14 сауда кешені жұмыс істеп жатыр. Сатып алушылардың жалпы саны күніне 61 мыңнан асып отырады, ал қызметкерлердің саны 6 мыңнан көп. Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, компанияның жарғылық капиталының 41%-ы Александр Гарберге, 30%-ы SDB Groupr арқылы Кенес Ракишевке, Элина Пугачқа 20%-ы, 5%-ы Роман Тихомировке және Андрей Юстке 4%-ы тиесілі.

Камила ДҮЙСЕНОВА "7"

Похожие материалы