Алматы. 6 қараша. 7kun.kz - Magnum шұжықтың салмағы артық көрсетілді деген шағымынан кейін ішкі тексеріс жүргізді, деп хабарлайды еліміздегі ең ірі дүкендер желісінен.
«Біздің сұрауымызға шұжықты өндіруші «Ансар Халал» ЖШС шұжықтың әр данасы 650 грамм («+-10 грамм») болатынын хабарлады. Сондықтан шұжықтағы жазылған салмақ оның өндірілген кездегі салмағына сәйкес. Өнімді сату кезінде кеуіп, салмағы азаяды. Нормаға сәйкес кебу деңгейі 2.25% аспауы керек» дейді дүкенде.
Дүкендегілердің пікірінше бұл жолы өнімнің кебуі нормативтегіден жылдам болған. Бұған өндіріс кезіндегі технологиядағы ақау себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдай дүкенде бірінші рет болып отырған сияқты. Алдағы уақытта қайталанбас үшін шұжықты өндірушімен келіссөз жүргізіліп, дүкен ішінде тауар құнын белгілеу стандарттары өзгерген.
Бұған дейін тауар құнын белгілеу аптасына бір рет жүргізілген. Осы оқиғадан кейін барлық өнім қайта таңбалануға жіберілген, сондай-ақ, алдағы уақытта бағасын белгілеу екі күнде бір жүргізіліп отырылмақ.
«Біз сатып алушыларға өнімді өздері таразыға тартып көріп, баға, салмағы сияқты ақпаратты тексеруге мүмкіндік береміз. Сатып алушыларымыздан кешірім сұрай отырып, алдағы уақытта мұндай оқиғалардың болмауы үшін бар күшімізді саламыз»,-дейді дүкендер желісінде.
Айта кетейік, интернетте Magnum желісінде сатылатын шұжық салмағының көрсетілгеннен аз екендігін көрсеткен видео пайда болған еді.