Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Magnum импорттық өнімдердің бағасын 20-25%-ға көтеруі мүмкін

Magnum импорттық өнімдердің бағасын 20-25%-ға көтеруі мүмкін

Валюта нарығындағы күрделі жағдай мен теңгенің рубльге шаққандағы бағамының динамикасының салдарынан Magnum сауда желісі баға көтеруі мүмкін, деп хабарлайды 7kun.kz.

 «Әзірге жеткізушілеріміз бұрын әкелінген тауарларды қайта бағалауға өтінім бермеді. Бұл ретте рубль мен теңге бағамының құбылмалылығы, сондай-ақ жеткізу тізбегіндегі өзгерістер жаңа импорттық жеткізілімдер мен импорттық құрамы жоғары қазақстандық өнімдердің бағасына әсер етеді. Бағаның өсуі орташа есеппен 20-25% құрайды», – деді Magnum ірі сауда желісінің PR менеджері Дмитрий Шишкин.

Оның айтуынша, қазіргі жағдай теңге бағамын құбылтып қана отырған жоқ, Қазақстанға Ресейден келетін импорттық тауарларды жеткізуге де қауіп тудырады.

Сонымен қатар, халықаралық брендтердің едәуір бөлігінің Ресейде өндіріс орындары бар. Олар шикізатты, жинақтаушы бұйымдар мен басқа да заттарды шетелден жеткізуге тәуелді.

«Біз қазір Ресейді айналып өтіп, жеткізілім тізбегін орнатудамыз. Бұл әдеттегі жеткізу тізбегіндегі және басқа да қымбат құрамдас бөліктердің өзгеруіне байланысты бағаға әсер етуі мүмкін», - деді Дмитрий Шишкин.

Ол қазіргі таңда ресейлік өнімдердің үлесі ассортименттің шамамен 10 %-ын құрайтынын атап өтті. Ал Ресей арқылы өзге елдерден әкелінетін импорт ассортименттің 40%-на тең.

Похожие материалы