Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Magnum сыйлық сертификаттарын сатуды бастады

Magnum сыйлық сертификаттарын сатуды бастады

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Наурыз мейрамы қарсаңында елдің ірі сауда-бөлшек желісі Magnum Cash&Carry өзінің сатып алушыларына 3, 5 және 10 мың теңге номиналымен сыйлық сертификаттарын ұсынды.

"Біздің дүкендерде premium және medium+ класындағы тауарлардың кең таңдауы бар... Сонымен қатар, бізде бұл тауарларды нарықтағыға қарағанда барынша арзан бағамен сатып алуға болады. Magnum сыйлық сертификаттары - бұл өте қолайлы және ыңғайлы", - деді Magnum Cash&Carry компаниясының маркетинг және жарнама департаментінің директоры Құрбан Хасболатов.

Magnum сыйлық сертификаттарын Алматыдағы барлық дүкендерде 27 ақпаннан бастап (оларды кассалардан сатып алуға болады), ал еліміздің басқа өңірлерінде осы аптада пайда болады.

Похожие материалы