Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Майкл Калвидің тұтқындалғаны туралы АҚШ пен Ресей билігі біледі

Майкл Калвидің тұтқындалғаны туралы АҚШ пен Ресей билігі біледі

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz - Ресми Вашингтон Baring Vostok-тың негізін салушы Майкл Калвидің тұтқындалғаны туралы біледі. Қаржыгердің ұсталуы туралы Путинге де айтылған.

 «Біз АҚШ азаматының 14 ақпанда Ресейде ұсталғаны туралы білеміз. АҚШ азаматын шетелде қорғау біз үшін басты нәрсе. Кейбір ақпараттың құпия болуы себепті біз дәл қазір қосымша ақпарат бере алмаймыз», деген АҚШ мемлекеттік департаменті korrespondent.net сайтына берген ақпаратта.

Сондай-ақ Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та Калви оқиғасы туралы естігенін айтты.

Айта кетейік, Ресей мен ТМД елдеріне 80-ге жуық ірі жобаға инвестиция салған Baring Vostok инвестициялық компаниясының негізін салушы Майкл Калви Ресейде тұтқындалған болатын. Оған тағы бес адаммен бірге РФ «топ болып ірі көлемде алаяқтық жасау» бабы бойынша іс қозғалған.  

Похожие материалы