Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Mail.ru ауылына саяхат: Сағынышымды басамын десеңіз...

Mail.ru ауылына саяхат: Сағынышымды басамын десеңіз...

Кейде ойда жоқта басталған ісіңіздің тасы өрге домалап кететін кездер болады. Әйгілі "агенттің" атасы Mail.ru компаниясының даму жолы дәл осындай. Жәй ғана питерлік бағдарламашылардың қызық үшін бастаған ісі әрбір екінші адам қолданатын сервиске айналып шыға келді. Бүгінде бір айдағы аудиториясы - 55 миллионға жуық.

1998 жылы DataArt компаниясының қызметкерлері жаңа пошта сервисін іске қосады. Сынақ түрінде бастаған соң, Mail.ru сервисіне көпшіліктің қызығушылығы артқанын байқайды.

Сол жылы-ақ ДатаАрт-тың питерлік бөлімі Port.ru компаниясына айналады. Бұлар бір ғана поштамен шектелмей, өзге де сервистер қосуды ойға алады. Мьюзик.ру (Music.Ru), Работа.ру (Rabota.Ru), Талк.ру (Talk.Ru) атты ресурстар интернет қолданушыларға жол тартты. Дегенмен пошта қызметінің жұлдызы жоғары болып қала береді. 

port-ru

Жаңа ғасырға аяқ аттаған сәтте жаңа ресурстың миллионнан астам қолданушылары болды. Mail.ru жобалары біртіндеп дами бастады. 2001 жылы Порт.ру жетекшілігі ребрендинг жасау туралы шешімге келеді. Осылайша, тек қана Рунеттің төңірігенде емес, ТМД-ға танымал Mail.ru порталы дүниеге келеді.  

Шыңға шығу жолындағы шырғалаң

Mail.ru-дың алға қойған мақсаттары көп еді. 2003 жыл компания тарихында маңызды шешімдер көп қабылданған жыл ретінде деп айтуға болады. Осы жылы пошта қызметі тек @mail ғана емес, @inbox, @bk, @list домендерін де қосты. 

Аталған жылы қолданушылар үшін бірнеше жаңартылған сервистер ұсынылды. Соның бірі - интернет желісінде ақпарат іздеу мүмкіндігі. Mail.ru-дың жеке іздеу жүйесі GoogleWebSearch негізінде жасалды. Кейіннен жұмысы толықтырылып, суреттер іздеуге де мүмкіндік ашылды. 

2003 жылы алған қойылған басты мақсаттардың бірі -  сол кездің танымал мессенджері ICQ-ден басып озу. Сол үшін Mail.Ru Агент жасап шығарылды. Міндеттің орындалғанына бүгінгі "агент" ұрпағы дәлел. Ол арқылы қоңырау шалуға, тегін смс жіберуге, бірнеше аккаунтпен кіруге болады. Дегенмен қазір What's App, Telegram агенттің орнын тез-ақ басты.

[caption id="attachment_32128" align="alignnone" width="800"]0_91295_d75ff77a_XL Mail.ru кеңсесі, Фото: pcweek.ru[/caption]

Агентте отырғандардың басым көпшілігі тіпті өзінің пошталық адресі сол логин екендігінен бейхабар. Бірақ, Mail.ru поштасын қолданып, хат алмасатындар саны әлі де көп. Жаңа нәрсе жақсы өрістесе, шабуылдарға тап болары сөзсіз. Сол секілді, спам, вирус сынды дүниелерден қашып құтылу қиын. Қатты мәселе туындатпау үшін компания "Dr.Web", "Касперский зертханасы", "Ашманов және серіктестер (антиспам)" мамандарымен бірлесіп жұмыс істейді. Десе де, қауіпсіздік мәселесі Mail.ru-да аса сенімді емес.

4 жылда - 20 млн қолданушы

2000 жылы Mail.ru қолданушыларының саны 1 млн болса, 2004 жылы олардың саны 20 миллионға өсті. Жақсарту жұмыстары дизайнды өзгертуден басталды. Қанық түстер көбейіп, ажар қосылды. Сол жылы Уай-фай@Mail.ru, яғни уай-фай желісін іздестіретін қызмет қосылды. Осы арқылы тегін уай-фай желілерінің тізімін білуге болады. 

Осындай қарқынды жұмыстың құны да өсті. 2007 жылы Mail.ru жобасы 1 млрд долларға бағаланып, активтер бағасы жөнінен Рунетте бұрын-соңды болмаған рекорд орнады.

[caption id="attachment_32130" align="aligncenter" width="660"]660x439_21_aad35973a5b3ea7ab6e609e55322c307@700x466_0xc0a8393c_13042674061370470617 Компанияның фирмалық логотипі, Фото:wday.ru[/caption] Ал бәрінің ностальгиясын оятатын "Мой мирдің" ашылуы танымалдылықты одан сайын арттырды.  Бұл әлеуметтік желі 2007 жылы жарыққа шықты. Қоғамда үлкен резонанс тудырғаны айтпаса да белгілі. Жаңалықтармен бөлісу үшін таптырмайтын мүмкіндік еді.

Қазір басқа да әлеуметтік желілер шығып "Мой мир" сәл ақсап қалды деуге болады. Бұрын, сонау 2009 жылы осындай мәселе туындаған кезде микроблоггинг сервисімен құтылған еді. Сол уақыттарда күніне 3,5 миллионға жуық хабарламалар жарияланатын. Уақыт өте келе бәсекелестік мәселесі қайта көтерілді. Бүгінде танымалдығы түсіп кеткені рас. Айтқанымыздай, бәрінің "жылы" естелігі болып қала бермек. 

Компанияның бүгінгі ахуалы

Mail.Ru Group ресейлік Digital Sky Technologies активтері негізінде құрылды. Холдингтің бизнес операциялары Mail.ru-дың қол астына, инвестициялық активтері DST Global-ға берілді. 

Mail.Ru-дың барлық басты активтері бизнесінің бес бағытына қатысты келеді:

  • Пошта мен портал. Бұл жерде Mail.Ru поштасы мен Mail.Ru интернет-порталы біріккен. Яғни, сайттың басты беті мен Авто Mail.Ru, Афиша Mail.Ru, Дети Mail.Ru, Здоровье Mail.Ru, Леди Mail.Ru, Новости Mail.Ru, Спорт Mail.Ru, Hi-Tech Mail.Ru, Cars Mail.Ru, Недвижимость Mail.Ru сынды тақырыптық жобалар бар.
  • Іздеу және e-commerce. Бұл жерде Mail.Ru іздеу жүйесі мен Товары Mail.Ru жүйесі қосылған. Тауарлар мен қызметтер бағасы, олардың түрлі интернет дүкендердегі құнын білуге болады.
  • Әлеуметтік желілер. Mail.Ru Group-тың еншісінде қолданушылар саны өте көп үш әлеуметтік желі бар: «ВКонтакте», «Одноклассники» және «Мой мир».
  • Мессенджерлер. Жедел хат алмасу қызметтері жөнінде айтар болсақ, Агент Mail.Ru және ICQ бар.
  • Ойын бөлімі. Түрлі онлайн-ойындардың жиналған жері де осы - Mail.Ru-да. Ұялы телефондарға, әлеуметтік желілерге арналған ойындар Игры@Mail.Ru жүйесінде. 

Mail.Ru-ға тиесілі тағы бір қызметОблако Mail.Ru. Бұл жерде мәліметтерді сақтап қоя аласыз.

2015 жылдың мамыр айында америкалық Forbes журналының рейтингінде ең ірі 2000 компанияның ішінде 1927 орында болды. Ал табысының көлемі бойынша, 794-орынды еншіледі.

Шыныңызды айтыңызшы, Агентті әлі де сағынасыз ба?

Похожие материалы