Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Mail.ru Group құрылтайшысы өзге ғаламшарлықтарды іздеуге қаржы салады

Mail.ru Group құрылтайшысы өзге ғаламшарлықтарды іздеуге қаржы салады

Mail.ru Group-тың негізін қалаушы Юрий Мильнер өзге ғаламшарлық өркениетті іздеу жобасына 100 млн доллар қаржы салмақ. Бұл туралы "Ведомости" жазады.

Мильнердің сөзінше, жобаның басты мақсаты жерге ғарыштан келетін түрлі дабылдар туралы ақпаратты жинақтап, өңдеу және тарату болмақ.

Өз жобасының насихаттаушысы ретінде физик Стивен Хокингты, ал "ғылыми көшбасшылары" ретінде Френк Дрейк пен Джефф Марсиді атады. Кәсіпкердің айтуынша, соңғы екеуі де жобаға зерттеу үйлестірушілері ретінде қатысуға келісімін берген. Өзге ғаламшарлық өркениетті іздеу шарасы Ю.Мильнердің жеке есебінен қаржыландырылады. Жекелей алғанда, кәсіпкер телескоп пен компьютерлік жүйелерді жалға алуға ақша салмақ. Жоба қатысушылары қазіргіге қарағанда үлкен диапазонда біршама көп жұлдыздар мен әлсіз дабылдары байқалған ғаламшарларды зерттемек. Шара мұндай жұмыстардың көлемін 100 есеге дейін кеңейтуі мүмкін.

Похожие материалы