Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Макдональдс" жеке киімдер топтамасын шығарды

"Макдональдс" жеке киімдер топтамасын шығарды

"Макдональдс" компаниясы тұрмысқа арналған киімдер мен тауарлар топтамасын шығарды деп хабарлайды Metro. Басылымның атап өтуінше, "енді бигмактарды үйде киюге болады".

Компания өнімдері Стокгольмде таныстырылып, Big Mac деп аталатын онлайн-дүкенге орналастырылған. "Макдональдс" топтамасының құрамында резіңкелі етік, жамылғы, жапсырмалар және плащ бар. Барлық тауарлар ақ түстес, бургерлердің суретімен безендірілген.

Топтаманың тұсаукесері аясында Стокгольмде әзілқой сән көрсетілімі өтіп, Мадридте  "Бигмактың" пазлы құрастылырды. Сидней мен Лондонда да осындай акциялар ұйымдастырылған.

«Макдоналдс»жылдам тамақтандыру желісін 1940 жылы ағайынды Дик және Мак Макдональдтар ашқан. 2010 жылдың қорытындысы бойынша, компания әлемдегі мейрамханалар саны жөнінен Subway желісінен кейінгі екінші орынды иеленеді.

 

Похожие материалы