Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Малайзиялық компания Қазақстандағы кен орнын сатып алмақ

Малайзиялық компания Қазақстандағы кен орнын сатып алмақ

Малайзиялық CLIQ Energy Bhd компаниясы Қазақстандағы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орнының үлесін сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы StarBizWeek-ке сілтеме жасап, ҚазТАГ хабарлайды.

Басылымның ақпаратына сүйенек, сатып алу үшін CLIQ Energy Bhd арнайы үлестес компанияны құрғалы жатыр.

Малайзиялық газеттің деректері бойынша, 2015 жылдың 25 наурызында CLIQ қазақстандық "Физтех" ЖШС-мен компанияның 51%-ын сатып алу туралы шартты келісімге келді, бұл компания Қазақстанда 117,3 млн доллар соммасына екі жұмыс істейтін мұнай кен орнына ие.

Келісімге сәйкес, екі актив те арнайы тағайындалудағы компанияға беріледі, ол Қазақстан қор биржасында тіркелетін болады. Шарт бойынша «Физтех» айналым қаражатын қаржыландыру үшін арнайы тағайындалудағы компанияға 30 млн доллар салуға міндеттенеді. Бұған қоса, Солтүстік Қаражанбас кен орнының өндіріс көрсеткіштері мен инфрақұрылымын жақсарту үшін жобаның күрделі шығындарына 236 млн доллар бағытталады.

CLIQ Energy Bhd бас директоры Зияд Элиастың айтуынша, қосымша күрделі шығындар ішкі көздерден қаржыландырылады, сонымен қатар "Физтех" ЖШС жоба аясында ұзақ мерзімді серіктес болып қалады.

Даму жоспарына сәйкес CLIQ мұнай жинаушы станциялардың санын арттырып, мұнайды дайындау қондырғыларын салуды және ҚазТрансОйл құбыр жүйесіне қосылуды жоспарлап отыр делінген басылымда.

Похожие материалы