Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ол осыған дейін 2020 жылдың қарашасынан бастап Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының басшысы қызметін атқарып келген.

Мәлік Нұржанұлы 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында туған.

Еңбек жолын 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтты университетінде халықаралық қатынастар факультетінде зерттеуші-тағылымгер ретінде бастаған.

2003-2016 жылдары аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің аспиранты, жауапты хатшы, бас редактор, "Диалог" Еуразия-Қазақстан" журналының бас кординаторы, Қазақстан жазушылар одағының "Қаламгер" журналының бас кординаторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.

2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің Үшінші хатшысы болды.

2018-2020 жылдары – Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Похожие материалы