Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мамин халықтың табысына скрининг жүргізуді тапсырды

Мамин халықтың табысына скрининг жүргізуді тапсырды

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрлігіне "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп бір ай ішінде Атырау, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе және Түркістан облыстарының оң тәжірибесін ескере отырып, халықтың табысын арттыру үшін өңірлердің скринингін жүргізу жөніндегі әдіснаманы бекітуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде скринингті іске асыру жоспарларын әзірлеу және бекіту тапсырылды.

"Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері скринингті іске асыру жоспарын бекіткен сәттен бастап кәсіпкерлер мен үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізуді қамтамасыз етсін. Көріп отырғанымыздай, әлеуметтік шаралар блогы өте үлкен мәселелерді қамтиды. Қабылданған шаралар, ең алдымен, нақты мұқтаж азаматтарды, соның ішінде жастарды қолдауға, сондай-ақ адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан біздің азаматтарымыздың проблемаларын шешу көп жағдайда жұмыстың үйлесімділігіне байланысты", – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Президент бірқатар әлеуметтік шаралар қабылданғанын, оларды іске асыру азаматтарға отбасындағы әлеуметтік проблемаларды шешуге ғана емес, сонымен қатар өзінің материалдық әл-ауқатын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру - Үкімет жұмысының негізгі бағыты. Осыған байланысты біздің қазіргі міндетіміз – оларды уақтылы орындау үшін барлық ұйымдастыру және құқықтық іс-шараларды жедел өткізу. Бұл үшін 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында қажетті қаражат көзделген. Сондай-ақ, бүгін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына микрокредит беру, гранттар бөлу, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, қысқа мерзімді оқыту бойынша құралдарды кеңейтуге бағытталған түзетулер ұсынылды. 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулысының тиісті жобалары мен "Еңбек" бағдарламасы қабылданды", – деді Премьер-министр.

Айта кетейік, жақын арада басты қаржылық құжат Мәжілістің қарауына жіберіледі.

Похожие материалы