Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мамин Нығматулин және Жақсыбековпен түскен суретіне қатысты пікір білдірді

Мамин Нығматулин және Жақсыбековпен түскен суретіне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан. 6 қыркүйек. 7kun.kz – Экс-премьердің айтуынша, 4 қыркүйекте оның туыстары елордалық мейрамханалардың бірінде «Сырға салу» шарасын өткізген, деп хабарлайды 7kun.kz.

Әлеуметтік желілерде елордалық мейрамханалардың бірінде бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин және «ҚазТрансГаз» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Әділбек Жақсыбековтың бір дастархан басында отырған сурет тарауда.

«Расында, өткен жексенбіде (4 қыркүйек) Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарым ұйымдастырған қазақтың салт-дәстүріне сай («Сырға салу») шара өтті. Сурет туралы кейбір БАҚ-та айтылған болжамдарды орынсыз және арандату деп санаймын», – деді Мамин.

Ол мемлекет қазір дамудың, оның ішінде саяси трансформацияның тарихи кезеңінде тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ экс-премьер айтуынша, Мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, арандатушылар мен деструктив мақсаттағы адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеу керек.

Похожие материалы