Темір кенінің бағасы мамыр айын соңғы екі жылдағы ең жақсы өсіммен аяқтады, себебі Қытай порттарындағы шикізаттың тауарлық қоры осы айда рекордтық деңгейде төмендеген деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Қытайдың Циндао портына жеткізілетін 62%-дық темір құрамы бар темір кені келісім-шарттарының бағамы жұма күні 0,8%-ға, тоннасына $61,85 дейін төмендеді. Алайда бір ай ішінде фьючерс құнына 10% қосты, бұл 2013 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары өсім.
Осы жылдың минмумы 2 сәуір күні тоннасына $47,08 деңгейінде болған-тын. Сәуір айында темір кені 9,4%-ға қымбаттады. Осылайша, екі ай ішінде 2015 жылдың басынан бергі бағаның құлдырауы 13%-ға қысқарды.
Әлемдік жетекші өндірушілер төмен шығынды талап ететін өндірісті арттыра бастады, бұл Қытайды қоса алғандағы, әлемдегі шағын кеніштердің жабылуына әкеліп соқтырды. Ал Қытай - бұл шикізаттың ең ірі тұтынушысы. Нәтижесінде теңізбен тасымалданатын темір кенінің бағасы және оған деген сұраныс жоғарылады. Goldman Sachs аналитиктерінің пікірінше, бұл өсім қарқыны жақын арада бәсеңдейді.