Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мамырда 1300-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болады

Мамырда 1300-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болады

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасы аясында ағымдағы жылдың мамыр айында көпбалалы отбасыларға кемінде 1316 пәтер беріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуеттік қорғау министрі Бердебек Сапарбаев мәлімдеді.

Сондай-ақ, Б. Сапарбаев көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды мәселе екенін атап өтті.

«Осы айда пәтер беру басталды. Біздің мақсатымыз тек қана бюджеттен мамыр айында көп балалы отбасыларға кемінде 1316 пәтер беру, қазірдің өзінде 249 пәтер берілді. Қазір бұл жұмыстар белсенді жүргізілуде. Сондай - ақ кәсіпкерлермен, кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіледі», - деді министр.

Бұдан басқа, 1 маусымынан бастап 1,1 миллион мемлекеттік қызметкердің жалақысы 30 пайызға дейін өсетінін еске салды. 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар балаларға және бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсету бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері артады. Нәтижесінде 100 мың азамат үшін жәрдемақылардың мөлшері 31 183 теңгеден 41 578 теңгеге дейін өседі.

Похожие материалы