Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Manchester United - ең қымбат футбол бренді

Manchester United - ең қымбат футбол бренді

"Манчестер Юнайтед" Баварияны басып озып, дүние жүзіндегі ең қымбат футбол бренді атанды делінген Brand Finance консалтинг агенттігінің баяндамасында.

Олд Траффорд стадионында өнер көрсететін команда өткен маусымда бір де бір кубок ұтпағандығына қарамастан, оның бренді 1,2 млрд долларға бағаланды. Ең қымбат он брендтің алтауы ағылшын клубтарына тиесілі. Өткен сенбіде Чемпиондар лигасын ұтып алған Барселона бұл тізімде екі орынға төмен сырғып, әлемнің ең қымбат брендтерінің арасында алтыншы орынға жайғасты (773 млн доллар). "Команда (Манчестер Юнайтед - 7kun.kz) жанкүйерлерінің саны азайды деген мәлімет рас болғанның өзінде, манкуниандықтарда Оңтүстік-шығыс Азияда және Қытайда көптеген жанкүйерлері бар, бұл жарты миллиардтан астам адам", - делінген Brand Finance есебінде. Баяндамада Chevrolet компаниясымен жасалынған табысты келісім-шарт туралы айтылады. Сонымен қатар Adidas-пен жасалынған рекордтық мәміле атап өтілген: бұл мәмілеге 2014 жылы қол қойылған, оның аясында Манчестер қазынасы 10 жыл ішінде 750 млн фунт стерлингке толығады. Brand Finance аналитиктерінің айтуынша, "МЮ үлкен табысқа кенеледі, себебі бренд құны алдағы жылдары өсуін жалғастырады". Олардың деректеріне сүйенсек, 2014 жылдан бері клуб брендінің құны 63%-ға жоғарылаған.

Похожие материалы