Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстау облысында қоқыс өртейтін зауыт ашылады

Маңғыстау облысында қоқыс өртейтін зауыт ашылады

Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz — Маңғыстау облысында қалдықтарды термиялық жою зауытын салу жоспарлануда. Бұл туралы Энергетика министрлігінде хабарлады.

Ведомствода хабарлағандай, сәуір айында жобаны жүзеге асыру үшін «ӨҚҚ операторы», өңірлік әкімдік пен Hanki Industrial Co. Ltd арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

«Төмен температуралы пиролизді қалдықтарды газдандыру жобасы қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу сатысында тұр, оны әзірлеуден кейін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленеді», - деп түсіндірді Энергетика министрлігі.

Министрлікте зауыттың құны, мерзімі және қуаты туралы ақпарат барлық процедуралар аяқталғаннан кейін ұсынылатынын атап өтті.

Похожие материалы