Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Маңғыстау облысында 782 млн теңгенің жел электр станциясы іске қосылды.
Облыстық әкімдіктің ақпараты бойынша, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында қуаты 5 МВт болатын жел электр станциясы пайдалануға берілді.
«Нысан құрылысы 2017 жылдың күзінде басталған болатын, ол үш жел энергетикалық қондырғысынан тұрады », - деп толықтырды агенттік.
Электр энергиясын тұтынушылар ауыл тұрғындары болады.
Сонымен қатар, облыста күн және жел энергиясын, сондай-ақ энергия сақтау құрылғыларын қолданатын гибридтік станциялар салу жоспарланып отыр.
«Мұнайлы және Түпқараған аудандарында осы жобалар үшін жер учаскелері орналасқан, бизнес-жоспары бойынша инвестициялардың соңғы пайдасы бес жылдан жеті жылға дейін күтіледі, бәрі желдің күшіне және біз қалай өндіретінімізге байланысты. Себебі болжам бір, ал іс жүзінде басқа болуы мүмкін», - деді жоба өкілі Гүлнәр Әбитова.
Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, өңірде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту аясында 2018 жылдың мамыр айынан бастап қуаты 2 МВт күн электр станциясы пайдаланылуда. Мұнайлы ауданының Батыр ауылында СЭС іске қосылды. Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Жандос Сәлімовтың айтуынша, жобаның құны 1,2 млрд теңгені құрады.