Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстауда шекара қызметінің сарбазы асылып қалған күйі табылды

Маңғыстауда шекара қызметінің сарбазы асылып қалған күйі табылды

Маңғыстау. 4 маусым. 7kun.kz – Маңғыстау облысында шекара қызметінің сарбазы асылып қалған күйінде табылды. Бұл туралы Facebook желісінің қолданушысы Бегабат Ұзақов парақшасында жазды.

«Бүгін таңғы сағат бес шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Еділ Бақытұлы Тешебаев (20.03.2003) асылып қалғаны хабарланды. Бір қызығы, әскерилер туыстарына екі түрлі хабар айтқан», – деп жазды ол.

Ол марқұмның туыстары Түркістан облысының Сарыағаш ауданында тұратын айтты.

«Бастапқыда аяқ киімнің бауына асылып қалды десе, кейін белбеуіне асылып қалды деген. Тағы бір қызығы, әскери бөлім тарапынан марқұм жазып кеткен деп түрлі жазбалар жіберіліп жатыр екен. Жазбаларда уақыт дұрыс көрсетілмеген», - деді ол.

Әзірге құзырлы органдар бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Похожие материалы