Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко қаласының маңында салынатын жел электр станциясының алғашқы кірпіші қаланды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың шілдесінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «South Wind Power» ЖШС бас директоры С.Парцикян және «Horgos Jiuhe SilkBridge New Energy Co.,Ltd компаниясының басшысы Huang Cheng арасында жел электр станциясы жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Жел электр станциясының қуаты - 42 Мвт. 375 гектар жерді алып жатқан жоба Түпқараған ауданында салынады. Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторын орнатып, құрылыс кезеңінде 70 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Жел турбиналары үшін жабдықтарын, тасымалдаушы зымыран жабдықтары мен шығыс материалдарын қоса алғанда инвестицияның жалпы сомасы 50 290 700 АҚШ долларын құрайды.
Жел электр станциясының құрылысы «жасыл экономикаға» көшу, экологиялық таза инвестициялық технологияларды еңгізу мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ, бұл жоба өңірдің электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге көмектеседі. Жобаның аяқталуы 2019 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта жоба жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілді. Есеп айырысу және қаржы орталығы сатып алу туралы шартқа қол қойған.