Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстауда «жиһаз жасаушы» тұрғындарды 3,8 млн теңгеге алдап кетті

Маңғыстауда «жиһаз жасаушы» тұрғындарды 3,8 млн теңгеге алдап кетті

Маңғыстау облысы. 9 желтоқсан. 7kun.kz – Маңғыстауда «жиһаз жасаймын» деген желеумен көпшіліктің сеніміне кіріп, алдап соққан алаяқ ұсталды. Ол тұрғындардың 4 млн теңгеге жуық қаржысын алған, деп хабарлайды 7kun.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, тоғыз жәбірленуші полицияға арызданды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 3,8 млн теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерімен 26 жастағы жергілікті тұрғынның жеке басы анықталып, ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркелді.

Похожие материалы