Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мансап жолында жетістікке жылдам жеткісі келгендерге 7 ғибрат

Мансап жолында жетістікке жылдам жеткісі келгендерге 7 ғибрат

Биікке шығу оңай емес. Оған талпыныс, еңбек керек. Ал, биікке шыққан соң төменге құлау - оңайдың оңайы. Мансап жолында жетістікке жеткізіңіз келсе, төмендегі 7 кеңесті мұқият оқып, қажет болса түртіп алсаңыз болады.

№1 ғибрат. Билікті қолдан алмайды. Керісінше қолдан тартып алады.

Билікті ұстап тұру өте қиын. Талапқа сай келмесеңіз, тағыңыздан тайдыра салады. Қандай да бір жауапкершілік артылса, соны бар күш-жігеріңібен жасаңыз. Мәселен, бөлім басшысы жұмыстан кеткен соң міндетін атқарушы етіп сізді тағайындаса, сол орынға қашан ресми тағайындайды деп күтудің қажеті жоқ. Керісінше, сол орынды барынша қармап қалыңыз. Әйтпесе, өз-өзін көрсете алмаған адамға жауапкершілік артыла қоюы екіталай.

№2 ғибрат. Билік пен жауапкершілік қатар өседі.

Бала кезіңізде "Өрмекші-адам" мультфильмін көрген едіңіз бе? Питер Паркердің (өрмекші-адамның) ағасы дәл осындай тағылым беруші еді ғой? Расымен де, билік жоғарылаған сайын жауапкершілік те арта түседі. Жетекші боламын десеңіз, жауапкершілікті мойынға алуға даяр болыңыз. Бастапқыда, өте оңай әрі қарапайым боп көрінгенімен, іс жүзінде олай емес. Әрбір қызметкердің жағдайына қарап, олардың мүлт кеткен тұстары үшін басшылықтан ұрыс естуге тура келеді. Басшылық қызметке сұранбас бұрын, осыған дайынмын ба деп іштей есеп беріңіз. Жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Жауапкершілік жоғары болған сайын, жалақы да жоғары болатынын есіңізге түсіріңіз. Аталған қиыншылықтардан соң тауыңыз шағылып қалмасын деп ескертіп жатырмыз.

№3 ғибрат. Белсенді болыңыз.

Мансап жолында жоғарылаймын десеңіз, бұл қасиет сізге өте қажет. Біліміңізді үнемі жетілдіріп, жаңа әрі тың идеялар ұсыңыз. Қарапайым қызметкер кезіңізде жақсы көрінсеңіз, сіздің бұл қасиетіңізді бағалайтын басшы табылады.

№4 ғибрат. Жаңа таныстықтар, қарым-қатынас керек

Бүгінде нетворкинг туралы материалдар өте көп. Жаңа таныстықтар, керек адамдармен байланыс орнатудың әдістері жөнінде мақала жетіп жатыр. Дейл Карнегиді оқып шығуға кеңес береміз. Қалай қарым-қатынас жасауға болатыны туралы біліп алған дұрыс. Себебі, жаңа таныстық тек жаңа жұмыс табуда ғана емес, жаңа тұтынушылар әкелуге де себеп болады. Жұмысыңызга табыс әкеліп жүрсеңіз, тиісті бағаңызды аласыз деп ойлаймыз.

№5 ғибрат. Жоспар құру

Көптеген табысты адамдар өз мансабын дамытудың жоспарын құрады. Оны құрудың маңызы зор. Бірінші қай мамандықты таңдарын, одан бітірген соң қайда жұмыс істерін білмей жүрген жастарды көзіңіз жиі шалған болар? Олардың басты қателігі - жоспардың, жүйенің болмауы. Мақсат қойыңыз, оған жетудің жоспарын жасаңыз.Мәселен, "5 жылдан кейін кім боламын?"сынды сауал қойып, соның жауабын жоспарға бекітіңіз.

№6 ғибрат. Кәсібіңіздің шебері болыңыз.

Университет кезінде білімге аса мән бермесеңіз, соның орнын толтыратын кез келді. Не қалайтыныңызды, мансап жолында қалай өсетініңізді шешіп алған соң, өзіңізді шынықтыра бастаңыз. Айталық, үлкен компанияның коммерциялық директоры болуды мақсат еттіңіз делік. Қаржы әдебиеттерін оқыңыз, курстарға жазылыңыз. Лауазымыңыз қандай қасиеттер болуын міндеттейді, соны біліңіз. Қазірден бастап сол қасиеттерді сіңіріп, ойша директормын деп елестетіңіз. Әзірге қол астыңызда ешкім болмаса да, достарыңызбен, отбасыңызбен тәжірибе ретінде сынақ өткізіп көруге болады. Айтқаныңызды қалай тыңдатар едіңіз, ұжымды айрандай ұйыту үшін не керек? Кәсібиліктің шыңына жетер алдында шынығу керек.

 №7 ғибрат. Демала біліңіз.

Мансап бастар кезде көптеген жастар демалыс, отбасы, достарды ұмытып, басымен жұмысқа  кіріп кетіп жатады. Бұл әйтеуір бір күні жұмыстың өнімділігіне әсер етпей қоймайды. Жұмыс - өміріңізді маңызды болса да, бір ғана бөлігі. Оның қалған бөліктерін естен шығарған дұрыс емес. Спортпен айналысыңыз, бесенді әлеуметтік өмірсүру дағдысын қалыптастырыңыз. Бұл бір жағы мансабыңызға да жағымды әсер етеді. Сол себепті артық қыламын деп тыртық қылып алмаңыз. Белсенді өмір сүретіндер мансап сатысында жыламырақ көтерілетіні ғылыми дәлелденген.

Өз өміңізге асқан жауапкершілікпен қараған жөн. Мемлекеттің жұмысқа орналастыруға кепіл болған кезі өтіп кетті. Нарықта үлкен бәсекелестік бар. Сапалы әрі сауатты кадрлар жетіспеушілігі байқалып тұрғанын пайдалап қалмайсыз ба? Өзіңіздің артықшылықтарыңызды көрсетуден ұялмаңыз. Мансап жолында табыс тілейміз!

Похожие материалы