Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мао Цзэдунның хаты аукционда 900 мың долларға сатылды

Мао Цзэдунның хаты аукционда 900 мың долларға сатылды

1937 жылы жазылған Қытай Коммунистік партиясының жетекшісі Мао Цзэдунның хаты Лондондағы Sotheby's аукционында 900 мың доллардан аса бағаға сатылды. Бұл туралы Би-Би-Си жазды.

Хат сол уақыттағы Ұлыбританияның Лейбор партиясының оппозициялық көшбасшысы Клемент Эттлиге жазылған. Хатта Мао жапон басқыншылығына қарсы күресу үшін Қытай коммунистеріне практикалық көмек көрсетуін сұрайды. "Біз британдықтар жапондықтардың Қытайға көрсетіп жатқан басқыншылықтары туралы шындықты білгенде, олар қытай халықын қолдау үшін бірігеді деп үміттенеміз",- делінген хатта. Маоның қолтаңбасы бар бұл хатты аукцион-эксперттері "өте сирек" кездесетін топтама деп баға берді. Бұл соңғы онжылдықтағы аукционға шығарылған Маоның қолы қойған екінші құжат болып табылады.

Похожие материалы