Париж. 2 мамыр. 7kun.kz - Франция президенттігіне үміткер әрі «Ұлттық майдан» партиясының өкілі Марин Ле Пен елге ұлттық валютаны қайтармақ. Ондағы мақсат еуроны басқарып, экономикаға бейімдеу. Бұл туралы Марин Ле Пен Le Parisien газетіне берген сұхбатында айтты.
«Еуро - өлі валюта. Сондықтан ол мемлекет пен әрбір француз үшін ауыртпашылық түсіреді», - деді Ле Пен.
Кандидат болашақта валютамен басқаруды талап етпек. Оның ойынша, еуро күнделікті сатып алуларда емес, ірі компаниялар арасындағы халықаралық саудада қолданылатын болады. 27 наурызда «Ұлттық майдан» өкілі Еуроодақтың жойылатынын айтқан.
Жыл басында Ле Пен Еуропа елдерін бірыңғай валютадан бас тартып, экю сияқты жалпы валютаға көшуге шақырған. Сонымен қатар, сайлауда жеңіске жететін болса, Францияның еуродан бас тартуы туралы референдум өткізетінін мәлімдеді.
Еске салсақ, президент сайлауының алғашқы турында Марин Ле Пен 21,3 пайыз дауыс жинады. Оның басты қарсыласы «Алға» қозғалысының көшбасшысы Эммануэль Макрон. Ол 24,01 пайыз дауыс жинаған. Олар 7 мамырда болатын сайлаудың екінші турына өтті.