Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Марк Цукерберг 2,9 млрд доллар жоғалтты

Марк Цукерберг 2,9 млрд доллар жоғалтты

Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – Facebook-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг әлеуметітк желідегі алдағы өзгерістер туралы мәлімдемеден 2,9 млрд доллар жоғалтты, деп хабарлады Bloomberg.

РБК хабарлауынша, жұма күні, Марк Цукерберг Facebook жаңалықтар арнасына өзгертулер енгізу туралы жоспарын жарияланғаннан кейін, компания акциялары 3,9 пайызға төмендеді. Нәтижесінде Bloomberg Billionaires индексі бойынша Цукербергтің жағдайы 77,3 миллиардтан 74,4 миллиард долларға дейін азайды.

Жұма күні Марк Цукерберг Facebook лентасында пайдаланушыларға көрсетілетін хабарларды таңдау қағидасын өзгертетінін уәде етті. Атап айтқанда, лентада жақын туыстары мен компаниялардың жаңалықтары мен материалдарынан хабарлар көп болады. Цукерберг түсіндіргендей, бұл әлеуметтік желілер командасына келіп түсетін шағымдарға байланысты болды.

Похожие материалы