Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Марк Цукербергтің Twitter-дегі аккаунтын бұзған

Марк Цукербергтің Twitter-дегі аккаунтын бұзған

Facebook-тің негізін қалаған Марка Цукербергтің Twitter және Pinterest әлеуметтік желілеріндегі аккаунттары бұзылды деп хабарлайды BBC-дің орыс тілді қызметі.

Бұл істің жауапкершілігін Ourmine хакерлер тобы мойнына алды. Хакерлер тобы өздерінің Twitter-інде миллиардердің Instagram және LinkedIn аккаунттарының да бұзылғанын жазды. Хакерлер Цукербергтің қауіпсіздік жүйесін тексеріп жатқанын айтып, оған өздерімен хабарласуды ұсынды.  Цукербергтің 2012 жылдан бері жаңартылмаған Twitter-інде бірнеше пост пайда болды. Қазір олар өшірілді. Ал Цукербергтің Pinterest-тегі парақшасында «Ourmine тобы бұзды» деген жазба пайда болған. Ал Цукербергтің Instagram парақшасы бұзылғанға ұқсамайды. Миллиардер бұл желіге бар-жоғы 30 сурет қана жариялаған. Сарапшылардың айтуынша, Цукерберг парақшасының бұзылу себебі LinkedIn желісінен 2012 жылы құпиясөздердің шығып кетуімен байланысты  болуы мүмкін. Осыдан бір ай бұрын аталған әлеуметтік желіден 117 млн логин мен құпиясөз 5 биткоинға (шамамен 2,3 мың долларға) сатылғаны белгілі болған еді.

Похожие материалы