Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Марста алғаш рет жер сілкінісі тіркелді

Марста алғаш рет жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Франциялық SEIS сейсмограф  аппараты тарихта тұңғыш рет Марста жер асты дүмпуін тіркеді. Бұл туралы Францияның CNES ғарыш агенттігі Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

SEIS марсиандық миссиясының 128-ші күні «әлсіз, бірақ анық» сейсмикалық сигнал 6 сәуірде анықталған. CNES мәліметінше, бұл 1960-1970 жылдары АҚШ-тың «Апполон» миссиясы кезіндегі Айдың бетіндегі белсенділікке ұқсас екен. 

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қандай да бір сыртқы фактор немесе жел емес, нағыз жер сілкінісі. 

Бұдан бұрын, Curiosity ровері Гейл кратерінде азот қосындысын тапқан, оның арқасында тірі ағзаның өмір сүруіне мүмкіндік бар деген сөз.

Похожие материалы