Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мас күйінде көлік жүргізген үшін ұсталған депутат қызметінен кетті

Мас күйінде көлік жүргізген үшін ұсталған депутат қызметінен кетті

Ақтөбе. 9 маусым. 7kun.kz – Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған депутат қызметінен кетті, деп хабарлайды 7kun.kz.

20 мамыр күні Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ербол Қасымғалидің Mercedes-Benz автокөлігін полицейлер тоқтатты. Депутат медициналық тексеруден өтіп, оның мас күйінде болғаны анықталды.

Іс сотқа жіберіліп, депутаттың өзі кінәсін мойындамай, сараптама қорытындысымен келіспеді.

Сот оның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, атап айтқанда көлікті мас күйінде басқарғаны дәлелденді деп шешті. Ербол Қасымғали 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

«Диапазон» оқиғадан кейін Ербол Қасымғалидың депутаттық мандатын тапсырғанын хабарлады.

«Ербол Қасымғали депутаттық өкілеттігін тоқтатты», – деп хабарлады аумақтық сайлау комиссиясы.

Ақтөбе қалалық мәслихатының сайтында Ербол Қасымғали «Ойл Гео Контракт» ЖШС Бас директоры болып жұмыс істейтіні көрсетілген.

Похожие материалы