Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мәсімов қаңтар оқиғасы кезінде жергілікті басшыларға қандай тапсырма берді – Бас прокурор жауабы

Мәсімов қаңтар оқиғасы кезінде жергілікті басшыларға қандай тапсырма берді – Бас прокурор жауабы

Астана. 5 қаңтар. 7kun.kz – Қаңтар оқиғасы кезінде Кәрім Мәсімовтің тапсырмасы бойынша ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктер шарықтау шегіне жеткенде бірқатар күш құрылымы, соның ішінде, Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамының барлығы өз ғимараттарын тастап кетіп қалған.

Бас прокурор сол кезде өңірлік департаменттердің басшылары әлсіздік танытқанын атап өтті. Соның салдарынан жеке құрамның рухы түскен.

«Тәртіпсіздіктердің жолын кесу бойынша шаралар уақытылы қабылданбады, салдарынан Алматы мен Талдықорған екі күн бойы қарулы содырлардың билігінде болды. Олар қару-жарақтың үлкен арсеналын – 3 мыңға жуық автомат, тапанша, винтовка және 10 мыңнан астам оқ-дәріні ұрлап кетті. Яғни, осы басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қаруы бүлікшілердің қолына түсті», – деді Асылов.

Айтуынша, әлі күнге дейін 2 мыңға жуық қарудың қайда екені белгісіз.

«Арнайы прокурорлар билікті асыра пайдаланудың осы фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 аумақтық департаментінің экс-басшылары, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы және басқа адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды», – деді Берік Асылов.

Қазір сот талқылауы жүріп жатыр. Олардың кінәсінің дәрежесі мен жаза түрін сот анықтайды.

Сондай-ақ Бас прокурор Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қандай айып тағылғанын айтты.

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов:

- мемлекетке опасыздық жасау;

- билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер;

- лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша сотқа берілді.

Тағы бір бұрынғы орынбасары Ерғожин:

- билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер;

- лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша айыпталуда.

Сондай-ақ ҰҚК-нің бұрынғы орынбасары Осиповке және ҰҚК бөлімшелерінің басқа басшыларына  қызмет бабын асыра пайдалану айыбы тағылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты іс «аса құпия» режимінде тергелуде. Сондықтан басқа ақпарат жария етілмейді.

Похожие материалы